Бахрейн ханзадасының қоры Астанада салынатын мектепті қаржыландырмақшы

Бахрейн хандығының Астанадағы символы болатын мектептің қашан салынатыны талқыланды. Бұл туралы Бахрейн ханзадасы атындағы қайырымдылық қордың бас хатшысы Мұстафа Әли Мұхаммед Әл Сайед Астана әкімімен кездесуде білім беру объектісі құрылысының жобасы туралы осы жылдың 16-17 желтоқсанына дейін хабарлайтынын айтты.

Айта кетейік, мектептің құрылысы туралы келісім Бахрейн ханзадасы Хамад бен Иса әл Халифаның 2014 жылғы Қазақстанға ресми сапары кезінде жүргізілген еді.

Кездесудің соңында Астана әкімі Бақыт Сұлтанов қайырымдылық қорының бастамасына жан жақты қолдау көрсетуге уәде берді.

Қордың бас хатшысының айтуынша, Қазақстан мен Бахрейн королдігінің ұқсастықтары көп.

Екі мемлекетті жақындастыра түсетін көптеген факторлар бар. Сіздерде мұнай бар, бізде де мұнай бар. Сіздер қонақжай халықсыздар, біз де қонақжай халықпыз. Қазақстанның Тәуелсіздік күні – 16-17 желтоқсан, Бахрейннің де Тәуелсіздік күні – 16-17 желтоқсан, — деді Бахрейн Ханзадасы атындағы қайырымдылық қорының бас хатшысы Мұстафа Әли Мұхаммед Әл Сайед.