Астананың Сарыарқа ауданында 18 аула жаңарды

Тұрғын үйлердің аулаларында 71 шағын нысан, 10 футбол алаңы және 12 жаттығу залы бар. Барлығы 96 спорттық нысан бой көтерген. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Аулалардың кірме жолдарын жөндеу» бағдарламасы бойынша 102 үйдің кіреберісі жөндеуден өткен. Сонымен қатар осы жылы Сарыарқа ауданына «Воркаут» жаттығу залдары салынады деп жоспарланған.

Қазір аудандағы 18 аула қайта жөнделді. Ал 14 аулада абаттандыру жүріп жатыр.