Астанада кезекті Smart Service хакатон-марафоны басталды. Қатысушылар Астананы инновациялық тартымды әрі өмір сүруге жайлы ету үшін жаңа шешімдер әзірлейді. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Хакатонды ұйымдастырудың басты мақсаты — қала өміріне талантты адамдарды инновациялық идеялар арқылы тарту.
Жобаны Астана әкімдігі мен Astana Innovations АҚ ұйымдастырды. Smart Service хакатонына 300-ге жуық адам тіркелді.
Астана Innovations АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мейрам Дюсюковтың айтуынша, Астана — инновациялар қаласы және осындай шаралар дамуға мүмкіндік беріп, стартап-қауымдастықты қолдайды.
Бүгінде кез келген қалада кішігірім болсын «ақылды» элементтер бар, мысалы бейнебақылау жүйесі. «Ақылды қала» — бұл қала мен оның тұрғындарының пайдасына жұмыс жасайтын объектілер мен субъектілер. Сол себепті мемлекет пен бизнес шешім қабылдауда экономикалық қана емес әлеуметтік мәселелерді де шешуде толыққанды серіктес болуы тиіс. Кедергілерді алып тастау, барлық кәсіпкерлер құрылымымен белсенді жұмыс істеу үшін енді басталып келе жатқан стартаптарды қолдау керек — бұл біздің негізгі міндетіміздің бірі, — деді Мейрам Дюсюков.
Жексенбі күні қаржылай қолдауға үміттеніп отырған жеңімпаз командалар анықталады.