Басты бетЖаңалықтарАлматылықтар каршеринг...

Алматылықтар каршеринг сервисіне қызыға бастады

Smart City жобасы аясында ашылған, автомобильді минут сайын жалға алуға болатын Anytime каршеринг сервисінің көліктері іске қосылған 4 күн ішінде 4 мың рет жалға алынған.

Әлемнің 15 елінде ашылған халықаралық каршеринг сервисінің Қазақстандағы алғашқы филиалы Алматыда ғана бар. Қала басшысы Бауыржан Байбек жаңа жобаның жүйесімен танысуға арнайы барған еді.

Алғашында Instagram-дағы Аnytime.kz парақшасына 10 мың адам жазылған.  Парақшаға қызығушылар саны 500 мыңға жеткен.

Біз күтпеген нәтиже болып жатыр. Біз 4 күн ішінде жеткен нәтижеге Минсктегі әріптестеріміз 3 ай жұмыс істеп, Мәскеудегілер 5 айда жетеді. Күнде жүздеген алматылық хабарласып, сұрақтарын қояды. Қазақстанның бұл қызметті жақсы қабылдағанына қуаныштымын,- деді Anytime брендінің Қақстандағы бас директоры Станислав Грошов.

Жаңа қызметті алматылықтар да пайдалана бастады.

2 рет қолдандым. Көлік жаңа, әрі ыңғайлы.Тек қаламызда көліктер саны аз. Алдағы уақытта көбейеді деген ниетпен компанияға сәттілік тілеймін, — деді каршеринг қызметін пайдаланушы.