Гимназия оқушылары «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында жарысқа түсті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауында айтылған бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру мақсатында №175 «Жаңа Ғасыр»  гимназиясында «Спорттық Алматы — 2018» атты бағдарлама бойынша мектепішілік жарыс өтті.

Гимназия директоры Гаухар Манекеева шараның ашылу салтанатында оқушыларға салауатты өмір салтын ұстану керек екенін айтты. Білім мекемесіндегі «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымының төрағасы Түсіпхан Интин жасөспірімдерді жігерлендіріп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Спорттық Алматы — 2018» спорттық бағдарламасының мақсаты — оқушыларды дене шынықтырумен және спортпен үнемі белсенді айналысуға баулу, бойларында денсаулыққа ұқыптылықпен қарау қасиеттерін қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің спорт пен белсенділікке ынтасын арттыру.

Гимназия жарыс
Фото: «Жаңа Ғасыр» гимназиясы

Жарыс ережесі бойынша 5-сыныптар қазақтың ұлттық ойыны асық ату (ұлдар, қыздар), 6-сыныптағы ұлдар шағын футбол, қыздар айып добын орындау, 7-сыныптағы ұлдар арқан тарту, ал қыздар секіртпе секіру, 8-сыныптар (ұлдар да, қыздар да) баскетбол ойындары бойынша сынға түсуі керек болды.

Асық атудан (ұлдар арасында) 1-орынды Елнұр Телешов, 2-орынды Данияр Ахатай, 3-орынды Айдын Айдар, қыздар арасында Әдия Әлихан 1-орынды, Ғалия Ұлтарақова 2-орынды Әйгерім Айдынқызы 3-орынды иеленді.

Айып добын орындаудан (қыздар) Зере Аязова, Камила Нұрғалиева, Баян Рысқандар көзге түсті. Шағын футболдан 1-орынды 6 «ә» сыныбы жеңіп алды. 2-3-орындарды 6 «ғ» және «а» сыныптары иеленді.

7 «а» сыныбы секіртпемен секіруден 1-орын алса, 7 «м» және 7 «б» сыныптары 2-3-орындарды алды.

Арқан тартудан 7 «а» сыныбы басым түсті. 7 «м» және «б» сыныптарының ер балалары қалған орындарды иеленді.

Баскетболдан ұлдар арасындағы сайыста 8 «ә» сыныбы жеңіске жетті, 8 «а» және «ғ» сыныптары екінші және үшінші орындарды қанағат тұтты. Қыздар арасында 8 «ә» сыныбының баскетолшы оқушылары бірінші орынды иеленді.

«Жаңа Ғасыр» гимназиясында бұқаралық спортты дамытуға арналған «Спорттық Алматы — 2018» бағдарламасы аясында балалар мен жасөспірімдерді дені сау азамат етіп тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар үнемі өтіп тұрады.

«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Турсынова Айнұр