Алматы облысында қанша адамның еңбекақысы өсетіні белгілі болды

Бүгін Талдықорғанда Елбасы Жолдауын талқылауға арналған актив жиыны өтті. Оған Алматы облысының барлық аудан, қала әкімдері мен басқарма басшылары қатысты. Жиын төрағасы Амандық Баталов болды.

Елбасы Жолдауда Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны бір жарым есе көтеруді тапсырды, яғни жалақы 28 мың теңгеден 42 мың теңгеге дейін өседі. Бұл облыстың 100 мыңға жуық халқына тікелей қатысты, соның ішінде 41 мың бюджеттік ұйымның қызметкерлеріне еңбекақы орта есеппен 35%-ке өседі, —  деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

Өңір басшысы облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқовқа, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына қаржы қажет екенін анықтап, оны 2019 жылға арналған бюджетте қарастыруды тапсырды.

ДереккөзInform.kz