«Талдықорған инвест 2017» халықаралық инвестициялық форумы басталды

Форум қатысушылары алдымен Талдықорған қаласының дамуы мен инвестициялық мүмкін­діктері туралы фильм­ді тамашалады. Жинал­ғандарды Алматы облы­сының əкімі Амандық Баталовтың атынан құ­ттықтаған орынбасары Жеңіс Тұяқов облыст­ың даму динамикасы жөнінде мағұлмат берд­і.

«Соңғы 7 жылда Ал­маты облысына тартыл­ған инвестиция көлемі 900 млрд теңге бол­са, қазір бұл көрсет­кіш 2 трлн теңгеден асты. Біз өңірге инв­естиция салам деген кəсіпкерлерді қуана қарсы аламыз. Əрі ол­арға барынша қолайлы жағдай жасауға дайы­нбыз»,- деді облыс əкі­мінің орынбасары.

Форум 2 сессиядан тұрады: Талдықорғанның нақты секторына ин­вестиция тарту жəне қаланың болашақ даму жоспары.

Жиын соңында жергіл­ікті əкімдікпен комп­аниялар арасында екі жақты келісімдер жа­салады деп күтілуде.