Жарыс ерлер арасында жеке және жұптық кезеңде өтті. Жұптық кездесуде 16 жұп бәсекеге түсті.
Жиынның ашылу салтанатында Қазақстан теннис федерациясының атқарушы директоры Юрий Польский елімізде балалар теннисін дамыту өте маңызды екенін атап өтті. Оның үстіне, бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижелері көңіл көншітеді.
Біз болашақ чемпиондарды баулып жатырмыз. Біздің балалар жақында Азия жарыстарында және басқа турнирлерде үш медаль жеңіп алды. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенімдімін, федерация бұл бағытта үлкен шаруаларды атқаратын болады, — деді ол.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнирден түскен барлық қаражат балалар теннисін дамытуға жұмсалады. Айта кетейік, биыл қараша айында үлкен тенниспен кәсіби айналысатын балаларға арналған республикалық турнир өткізу жоспарда бар.
Біздің қызметіміздің маңызды құрамдас бөлігі — әлеуметтік жобаларды, соның ішінде балалар спортын дамытуға бағытталған шараларды қолдау. Тенниспен айналысу көрікті дене пішінін сақтауға көмектеседі және тек шыдамдылықты ғана емес, зияткерлік қабілетті де арттыратыны дәлелденген. Теннис турнирлерін ұйымдастыру біз үшін жақсы дәстүрге айналып келеді. Осы жылы Алматыда үшінші турнир өткіздік және осы демалыс күндері Астанада бірінші мәрте ForteOpen өтті. Бұл бізге жағымды эмоция сыйлаған жарқын спорттық оқиға болды, — деп атап өтті ForteBank басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили.
Айта кетейік, турнир нәтижесі бойынша Ростислав Решетов, Константин Браим, Аманжол Раисов, Дмитрий Маляренко, Ростислав Решетов, Ахмед Омаров, Сергей Сычев, Виталий Сазанович жеңімпаз деп танылды.