Барлық сұрағыңызға жауап бердім бе?

Әңгімелесуден соң жұмыс берушіге сұрақ қоймастан бұрын әңгімелесушіңіздің басқа сұрағы бар-жоғын біліп алыңыз. «Барлық сұрағыңызға жауап бере алдым ба? Білгіңіз келетін басқа да сұрағыңыз болса, мархабат!» деген сияқты сөздермен ойыңызды жеткізіңіз. Егер басқа айтары болмаса, өзіңізді қызықтырған сұрақты қойыңыз.

Компанияның миссиясы мен құндылықтары қандай?

Компанияның мақсаты мен міндеттері туралы білгіңіз келсе, дәл осы сауалдан бастаңыз. Бұл сұрақтың жауабы арқылы компания туралы ақпарат аласыз және оның қағидаларына қаншалықты сай екеніңізді білесіз.

Негізгі бәсекелестеріңіз кімдер? Олардан қандай артықшылықтарыңыз бар?

Компания өкілі осы сұраққа жауап берсе, бұл сізге нарықтағы жағдайды көруге және сыни ойлауға мүмкіндік береді.

Кандидатурама қатысты қандай да бір күмәніңіз бар ма?

Егер жұмыс берушінің нақты шешім айтудан ауытқып жатқанын байқасаңыз, бар батылдығыңызды жинап, бұл сұрақты қойыңыз. Ол сіздің осал тұсыңызды айтуы мүмкін, бірақ осы сұрақты қою арқылы сіз өзіңіздің әлсіз жағыңызды ашық талқылауға және сынды көтеруге дайын екеніңізді көрсетесіз.

Осы компанияда жұмыс істеу өзіңізге несімен ұнайды?

Бұл сұрақ сұхбат алушыға жақындауға мүмкіндік береді. Компанияны және ондағы қызметкерлер туралы жақыннан білесіз. Өйткені, ол барлық адам сияқты өзі және жақсы білетін нәрселері туралы әңгімелейді

Мен кездесуге тиіс басқа адамдар бар ма?

Сіз алғаш рет әңгімелесуге келсеңіз, осы компанияның өзге де өкілдері немесе басшыларының қатысуымен әңгімелесудің келесі кезеңдерінен өтуіңіз мүмкін. Осы сұрақты қою арқылы оның кіммен және қашан өтететіні туралы ақпарат аласыз. Оған қоса, кез келген сұхбат кезінде басшымен, басқа да беделді кісілермен танысу маңызды.

Алдағы жарты жылда осы лауазымдағы қызметкердің алдында тұрған қандай маңызды міндеттер бар?

Әрбір ашық жұмыс орнын компания жаңа қызметкер арқылы өзгерткісі келуі мүмкін. Сондықтан сізге қойылатын талаптар мен тапсырылатын жұмыс туралы әңгімелесу кезінде біліп алсаңыз, артық болмайды.

Бұрынғы қызметкер бұл лауазымнан неге кетті?

Сұрақ біртүрлі болып көрінгенімен бұл жұмысқа кімнің көңілі толмағанын білгіңіз келуі мүмкін. Сондықтан бұл сұрақты қоюдың әбестігі жоқ. Алдыңғы қызметкер өсуіне байланысты кетсе, бұл ақпарат сіз үшін де маңызды.

Осы компанияның қызметі туралы мақала оқып едім. Бұл туралы толығырақ айтып бере аласыз ба?

Мұндай сұрақтар сіздің сұхбатқа жақсы дайындалғаныңызды және компанияға шынымен қызығатыныңызды көрсетеді. Ең бастысы, қойған сұрағыңыздың өсек-аяңға қатысы жоқ екеніне көз жеткізіңіз.

Түйіндемемде осы лауазымды иеленуге кедергі болатын нәрсе бар ма?

Сізді компанияға жұмысқа алмайтынын біліп тұрсаңыз, мүмкіндікті пайланып, түйіндемеңіз туралы оның ойын білуге тырысыңыз. Егер қандай да бір қатесі мен кемшілігі болса, онда бұл туралы толығырақ біліп алыңыз. Содан соң түйіндемеңізді түзеп, басқа жұмыс іздеуге кірісіңіз.