Басты бетЖаңалықтарҒалымдар аудан...

Ғалымдар аудан әкімдігінде зайырлы мемлекеттің сипаттары туралы айтты

Алматының Наурызбай ауданы әкімдігінде «Қазақстан — зайырлы мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Наурызбай ауданының мемлекеттік қызметкерлері, білім беру мекемелерінің басшылары, діни бірлестіктердің өкілдері мен аудан мешіттерінің имамдары зайырлы мемлекетке тән сипаттар туралы айтты.

Онда «ҚР-дағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» ҚҚ басшысы Кәкімжан Бишманов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия ғылымдарының докторы Нұрзат Мұқан мен PHD докторант Нұржан Абдуллаев баяндама оқыды.

Мемлекетіміздің зайырлылық сипаты – Қазақстанның тиімді дамуының шарты. Дін саласындағы мемлекеттік саясат конфессияаралық бейбітшілік пен толеранттылықты нығайтуға бағытталған. Сонымен бірге Қазақстан дамуының зайырлылық қағидаларының беріктігін қамтамасыз етуде әкімшілік-құқықтық және қылмыстық-құқықтық шаралардың ролі маңызды, — деді  дінтанушы Нұржан Абдуллаев.

Дөңгелек үстелді Алматы қалалық дін істері жөніндегі басқарманың әлеуметтік тапсырысы аясында «Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» ҚҚ ұйымдастырды.

Онда Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Балтөре Пірәлиев, «Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» ҚҚ басшысы, дөңгелек үстел модераторы Кәкімжан Бишманов, Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқармасы ақпараттық-талдау бөлімінің Наурызбай ауданы бойынша бас маманы Сағидолла Берденов және Наурызбай ауданының мемлекеттік қызметкерлері, білім беру мекемелерінің басшылары, діни бірлестіктердің өкілдері мен аудан мешіттерінің имамдары Қазақстандағы лаңкестік және экстремизм мәселелерінің негізгі фактілерін атап, шешу жолдарын талқылады.

Шара соңында «Дәстүр және Ислам діні» атты бейнефильм көрсетілді.