Ақмола облысының Қосшы ауылында «Жайлау» тұрғын үй кешенінің үлескерлері мердігер компанияға алданып қалған соң болашақ тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтау үшін «Жайлау city» тұрғын үй кооперативін құрды. Жоғалған ақшаға және өз үйлерін иеленемін деген үміттпен өткен бірнеше жылдан кейін қарапайым қазақстандықтар елеулі нәтижелерге қол жеткізді, енді алдағы 45 күннің ішінде көптен күткен тұрғын үй кешенінің құрылысы басталады.
2014 жылы құрылған «Әл Баракат Компани» ЖШС басшылығы үлескерлерден ірі көлемдегі қаражат сомасын ұрлағаны және ысырап еткені үшін 8 жылға сотталды. Істі болған компания сол жылы 200 үлескердің ақшасымен тұрғын үй құрылысын бастап, аяқтамаған. 78 сот отырысы өтсе де, зардап шеккендердің құрылысқа салған қаржысы қайтарылған жоқ. Бірақ олар жер учаскесін иеленуге құқық алды, қазір жаңа «Сиреневый сад» тұрғын үй кешенінің құрылысы жоспарланып отыр.
Болашақ кешен астаналық конгломерацияның экологиялық таза ауданында орналасқан. Ол 647 пәтерге есептелген 9 қабатты төрт үйден тұрады. Бір шаршы метрінің құны – 160 мың теңге.
«Жайлау city» ТҚК төрағасы Гүлнар Мермұқанованың айтуынша, кооператив мүшелері өз мақсатына өте ұзақ уақыттан соң жетті. Біреулер осы уақыт аралығында үмітін жоғалтып, өз үйіне жете алмай қалса, біреулер ақшасынан ғана емес, денсаулығынан да, өмірінен де айырылды.
2016 жылы жер телімін алған кезде бізде үміт пен мақсат пайда болды, ол – барлығын аяғына дейін жеткізу. Бізде қазір құрылысқа дайындық, материалды іріктеу, өнім берушілер мен құрылыс материалдарын іздеу жұмысы жүріп жатыр. Біз үшін құқық белгілейтін құжаттарды алу өте маңызды және қымбат. Барлық дайындық құжаты біздің қолымызда, соңғы жұмыс жобасының мемлекеттік сараптамасынан өту ғана қалды, содан кейін кешенді салуға кірісе аламыз, — деді кооператив басшысы.
Қазір «Жайлау city» ТҚК құрамында 200-ден астам адам бар. Олар енді бір-біріне тек көрші ғана емес, пікірлес әрі отбасы мүшесіндей болып кетті. Адамдар өзіне сапалы және жайлы үй салу ниетімен біріктірілген. Үйдің әр шаршы метрінің құны жайлылық үшін жұмсалады және астаналық бағадан төмен болады.
Біз өзімізге бонус ретінде үйдің жобасын өзгертіп, қауіпсіздіктің барлық талабы бойынша сапалы баспана салуды көздеп отырмыз. Сонымен бірге әрбір бөлшегін ойластырып жүзеге асырамыз және құрылыс материалдарын да үнемдемейміз. Жеткізушілерді мұқият таңдаймыз. Біз жаңа үйлерге қоныстанып қана қоймай, өз пәтерлерімізде ұзақ және бақытты өмір сүргіміз келеді, — деді Гүлнар Мермұқанова.
«Жайлау city» ТҚК қатарына елордамызда өмір сүргісі келетін әрбір адам бар ақшасын жұмсамай, жыл бойы ипотека есебінде төлеуге келісіп қосыла алады. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің нысаны оның әрбір мүшесінің тең құқықтары мен міндеттерін көздейді. Барлық шешім ақылдаса отырып қабылданады. Органның қаржылық есебі барынша ашық. Нысан құрылысының барысын Ақмола облысының әкімдігі қадағалайды. Пәтерді сатып алғысы келетіндер тұрғын үй құнының 30 пайызын төлеуі қажет, қалған соманы 26 ай ішінде төлеуге болады.
«Сиреневый сад» кешенінде 34-тен 88 шаршы метрге дейінгі 1, 2, 3 бөлмелі пәтерлер қарастырылған. Бір қабатта 6 пәтерден аспайтын болады. Әрбір кіреберістегі әдеттегі нөмірлеу орны бірегей түспен боялады. Балалардың қауіпсіздігі үшін автокөліктерден жабық аула мен бейнебақылау қарастырылған. Кешен үйлері әбден сыналған, жылуға және отқа төзімді қызыл кірпішпен қаланады. Сонымен қатар нысанның жобасында шудан сапалы оқшаулау қарастырылған. Көлік иелері үшін 500 орынға арналған автотұрақ жоспарланған. Кешенге жақын жерде үлкен балабақша, мектеп және қажетті қызмет көрсету нысандарының барлығы (сұлулық салоны, дүкендер мен дәріханалар) тұрғызылады. Сонымен қатар пәтерлерде газбен жылыту құрылғысы орнатылады, бұл болашақ тұрғындардың коммуналдық шығындарын бірнеше есе қысқартады.
«Сиреневый сад» тұрғын үй кешені Астанадан 25 шақырым жерде орналасқан (қала орталығына дейін 15 минут). Кешен құрылысы 2020 жылға дейін аяқталады деп есептелген. Бірінші кезекті (134 пәтер) тапсыру 2019 жылдың үшінші тоқсанына, екінші кезек (105 пәтер) – 2019 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған. Үшінші және төртінші кезек 2020 жылға арналған.