Манюрова финалда канадалық қарсыласынан 0:6 есебімен жеңіліп қалды. Гүзел Лондон Олимпиадасында Қазақстанға қола медаль сыйлаған болатын.
Бұл Манюрованың үшінші Олимпиадасы. Алғаш рет ол Афины Олимпиадасында күміс иеленген.
Балуан қыздар үшін Рио Олимпиадасы сәтті аяқталды деуге болады. Жұлдыз Ешімова қола медальға күресіп, 5-ші орынға тұрақтаса, Эльмира Сыздықова мен Екатерина Лариновалар қола медаль иеленді.
Ал бұл балуан Пекин олимпиадасына Ресей атынан қатысып, күміс алған. Ол осылайша үш олимпиадаға қатысып, барлық жүлде түрін алып көрген тұңғыш әйел балуан атанды. Кеше 69 келіде күрескен еркін күрес шебері Эльмира Сыздықова олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған болатын.
Осылайша 38 жастағы ардагер спортшы олимп тұғырының биік сатысына көтерілді. Бұған дейін 96 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ауыр атлет Ниджат Рахимов, 200 метрге брасс әдісімен жүзуде Дмитрий Баландин және 69 келі салмақта сынға түскен боксшы Данияр Елеусінов олимпиада ойындарының чемпионы атанды. Бұл спортшылардың барлығы олимпиада ойындарындағы тұңғыш жүлделерін иеленіп отыр.
Ал 60 келі салмақта дзюдошы Елдос Сметов, боксшы Василий ЛевитпенӘділбек Ниязымбетов және ауыр атлет (69 келі) Жазира Жаппарқұл олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Ел қоржынына қола жүлдені ауыр атлеттер Корина Горичева (63 келі),Фархад Харки (62 келі), Александр Зайчиков (105 келі) және еркін күрес шебері Эльмира Сыздықова (69 келі), Екатерина Ларионова (63 келі) дзюдошы Отгонцецег Галбадрах (48 келі) және жеңіл атлет Ольга Рыпаковалар салды. Осылайша Ольга Рыпакова Қазақстан тарихында жеңіл атлетикадан екі олимпиадада қатарынан жүлде алған алғашқы спортшы атанды.