1. Ертеңгі күнге түнде дайындалыңыз

Күйзеліске ұшырататын жұмыспен айналыспаңыз. Көп уайымдаған кезде ағзада кортизол гормоны көбейеді. Ол адамның ұйқысына кері әсер етеді. Күні бойы жұмыста болғандықтан кешке уақытыңызды, көңіліңізді барынша жақындарыңызға арнауға, миға көп салмақ түсірмеуге, жайдары болуға тырысыңыз.

Ұйқыңыз әрдайым қанық болуы үшін мына қарапайым ережелерді есте сақтаңыз:

  • Гаджеттерді ұйқыға жатардан кем дегенде бір сағат бұрын сөндіріңіз/пайдаланбаңыз;
  • Ұйықтар алдында телефоныңызды әуе режиміне қойыңыз;
  • Кей мәселенің шешімі көбіне ми тыныққан кезде ойға келеді. Ұйқыға жатарда жұмыс туралы ойламауға тырысыңыз.

2. Кемінде жеті сағат ұйықтаңыз

The Huffington Post басылымының құрылтайшысы Арианна Хаффингтон смартфоныңызды қалай күтсеңіз, өзіңізді де солай күтуге тырысыңыз: толық қуат алғанға дейін ұйықтаңыз деген кеңес береді.

Американың ұйқы мәселелері жөніндегі ұлттық қорының зерттеуінше, уақытында ұйықтаған адамның есте сақтау қабілеті, зейіні артады, күйзеліске берілмейтін болады және бұл оның өмір жасын ұзартады.

Егер ұйқыңызды қандырып, денсаулығыңызға қамқорлықпен қарасаңыз, сізге кофеин мен басқа да стимуляторлардың қажеті болмайды. Адамдар оларды көбіне жұмыс уақытының 8-17 сағат болуына, ұйқының жиі қанбауына және технологияға тәуелді болуына байланысты қолданады.

3. Өзіңізге тұруға уәде берген уақытта ояныңыз

Америка ойшылы Ральф Уолдо Эмерсон өз-өзіңе сену табысты болудың құпиясы екенін айтқан. Ол өзіңе берген уәдені орындағанда пайда болады.

Күннің ең алғашқы уәдесі — жоспарлаған уақытта тұру. Бұл күніңіздің қалай басталатынын анықтайды.

4. Оянғаннан кейін бірден атмосфераны өзгертіңіз

Сыртқа шығыңыз немесе басқа бөлмеге барыңыз. Бұл ұйқыңызды ашуға, сергуіңізге көмектеседі. Жаттанды, таныс атмосфераны өзгертсеңіз, жаңа энергия жинайсыз. Себебі біздің миымыз барлық жаңа нәрсені жақсы көреді.

5. Медитация жасаңыз, мақсаттарыңызды жазып алыңыз

Таң — болашағыңызды жоспарлауға ең тиімді уақыт. Бұл уақытта сіздің миыңыз шығармашылыққа бейім болады. Бірінші медитация жасап, кейін мақсаттарыңызды қағазға түсіріңіз.

Қиял білімнен артық. Себебі білім шектеледі. Ал қиял бар әлемді қамтиды. (Альберт Эйнштейн)

Мақсаттарыңызды сезіммен визуализациялап жазған жөн. Армандарыңыз орындалды деп елестетіңіз, сезініп көріңіз. Армандарды сезіну бұрынғыдан өзгеше шешімдерді қабылдап, басқаша әрекет етуге көмектеседі.

Мақсаттарды жазғанда уақыт шектеуін қойып, оған керек қаражатты есептеңіз. Миллиардер Гарольд Хант айтқандай, табысқа жету үшін екі нәрсе керек. Біріншіден, не қалайтыныңызды анықтаңыз (көбі бұны істемейді). Екіншіден, кететін шығындарды есептеңіз. Содан кейін оны іске асыру үшін рухани түрде дайындалыңыз.

6. Спортпен айналысқан кезде пайдалы аудиолар тыңдаңыз

Аудиокітап, подкаст немесе шабыттандыратын музыка қосып спортзалда жаттығыңыз, жаяу серуендеңіз. Үнемі қозғалыста болсаңыз, миыңыздың жұмысы жақсарады, денеңізді ширатады.

7. Миға пайдалы тағамдар жеңіз

Жаңғақ пен дәнді-дақылдар. Бұл — Е витамині көп өнім. Е витамині конгнитив қабілетті жақсартады.

Авокадо. Оның құрамында қан айналымын жақсартатын моно қанық емес майлы қышқыл бар. Сонымен қатар авокадо қан қысымын төмендетуге көмектеседі.

Қызылша. Оның құрамындағы антиоксиданттар қатерлі ісіктен қорғайды. Ал нитраттар мидың қан айналымын жақсартады.

Қаражидек. Қаражидекте антиоксидант, С және К витамині мен жаcұнық өте көп. Құрамында галла қышқылы болғандықтан қаражидек миды күйзелістен сақтайды.

Сүйекті сорпа. Бұл — ішек жұмысын қалыпына келтеретін керемет тағам. Құрамындағы көп мөлшердегі коллаген қабынуды жояды, пайдалы амин қышқылы иммунитетті нығайтады, есте сақтау қабілетін дамытады.

Кокос майы. Қабынуды басады, есте сақтау қабілетін жақсартады, ішектегі зиян бактериялармен күреседі.

Куркума. Мидың оттегіні пайдалануын жақсартады. Ойлау жүйесін дамытып, ақпаратты тез қабылдауға көмектеседі.

8. Маңызды шаруаны немесе қиын іс тындырыңыз

Таңертең тірі бақаны жесеңіз, күні бойы одан жаман нәрсе болмайды. (Марк Твен)

Басқалар көзін енді ашып, оянып жатқанда сіз қиын істі тындырып қойыңыз.

Егер табысты болғыңыз келсе, соған қарай қадам жасаңыз. Жетістік те байлық сияқты, оны табу қажет. Ендеше, шабытыңызды оятып, іске кірісіңіз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!