Әділбек Ниязымбетов Данияр Елеусіновтің жеңісін қайталап көрмек

Бүгін Рио Олимпиадасының төрінде тағы бір боксшымыз алтын жүлде үшін бақ сынайды. Өткен түнде өнерімен бүкіл әлемді тамсандырған Данияр Елеусіновтің ізін ала, Әділбек Ниязымбетов те әлемдік доданың биік тұғырына шығып, көк туымызды Рио көгіне көтеруге талпынып көреді.

Олимпиада күнінде сайысқа түсетін өзге де споршылардың тізімін төменде ұсынып отыр.

Байдаркада және каноэде есу, 1000 метр – Евгений Алексеев, Алексей Дергунов

Уақыты – 18:00

Байдаркада және каноэде есу, 200 метр – Тимур Хайдаров

Уақыты – 18:16

Байдаркада және каноэде есу, 200 метр – Андрей Ергучев, Сергей Токарницкий

Уақыты – 18:40

Жеңіл атлетика, ядро лақтыру – Иван Иванов

Уақыты – 18:55

Заманауи бессайыс, семсерлесу – Елена Потапенко

Уақыты – 19:00

Еркін күрес, 75 келі – Гюзель Манюрова

Уақыты – 19:56

Еркін күрес, 63 келі – Екатерина Ларионова

Уақыты – 19:40

Жеңіл атлетика, эстафета 100 метрден 4 айналым – ұлттық құрама

Уақыты – 20:20

Заманауи бессайыс, семсерлесу – Павел Ильяшенко

Уақыты – 23:30

Бокс, 81 келі, финал — Әділбек Ниязымбетов

Уақыты – 00:30