Басты бетБілімНұрсұлтан Назарбаев...

Нұрсұлтан Назарбаев мұғалімдерді басы артық жұмыстан босатуды тапсырды

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдау арнау барысында «Педагогтар мәртебесі туралы» заң жасауды тапсырды.

Келесі жылы «Педагогтар мәртебесі туралы» заңды жасап, қабылдауды тапсырамын. Ол мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекеме жұмысшыларына арналған барлық ынталандыруды, жүктемесін азайтуды, оларға тән емес аяқасты функциялардан босатуды қарастыруы керек. Мұғалімдердің мойнына не болса, сол артылады: сайлауды мұғалімдер өткізеді, үгіт-насихатты мұғалімдер жүргізеді, тағы бірдеңе істеу керек болса, ол да мұғалімге тапсырылады. Ол үшін ешқандай ақы төленбейді, оларды мұндай жұмыстан босату керек, олар сабаққа дайындалуы керек. Әрі оларды жиі тексереді, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдау арнап жатыр. Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды.