Басты бетЭкономикаҚазақстандықтар бір-біріне...

Қазақстандықтар бір-біріне ақша аудару жөнінен рекорд жасады

Қазақстандықтардың ақша аудару жүйелері арқылы жасаған аударымдарының жалпы көлемі биыл 4 есе өсті. Ranking сарапшылары мұны рекорд деп отыр.

Талдау ресурсының мәліметінше, 2018 жылдың қаңтарынан тамызына дейін қазақстандықтар сомасы 651,4 миллиард теңге болатын ақша аударымдарын жасаған.

Ақшаның көбі — 380,1 миллиард теңге шетелге аударылған, бір жыл ішінде мұндай аударымның көрсеткіші 27,5%-ға артып отыр.

Шетелден келген ақша 220,5 миллиард теңге болды, еліміздегі есепшоттарға  сырттан аударылған қаражат көлемі бір жылда 15,2-ға көбейген.

Ел ішіндегі ақша аударымдарының сомасы 50,9 миллиард теңге болды, былтырмен салыстырғанда көрсеткіш 4 есе артқан.

Қазақстан аумағындағы транзакциялар көлемі жөнінен ақша аудару жүйелері арасында Ресейдің «Золотая коронасы» көш бастап тұр — 16,7 миллиард теңге, былтырмен салыстырғанда аударымдар көлемі 5,6 есе өскен.

Бұдан кейінгі орында Faster жүйесі тұр — 2,2 миллиард теңге, аударымдар көлемі өткен жылға қарағанда 48,5%-ға азайыпты.

Ақша аудару жүелері арасындағы үштікке Western Union де кіріп отыр — 1,8 миллиард теңге, аударымдар көлемі 2017 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 9,2%-ға аз болды.

Транзакция саны жөнінен де осы үш жүйе алғашқы орындарды сақтап тұр.