Астанада латын графикасына байланысты қалалық олимпиада болды

Қалалық олимпиада латын әліпбиі бойынша жұмыс істеуді бастап кеткен білім беру мекемелері арасында өткізілді.

Олимпиада. Фото: Astana.gov.kz

Астана білім басқармасының қолдауымен №76 мектеп-лицейінде Latyn álіpbıі атты қалалық кіші олимпиада өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасында ұлттық бірегейлікті сақтау үшін ұлттық рухымыздың бойымызда мәңгі сақталуы керек екенін айтқан болатын. Олимпиаданың мақсаты да жасөспірімдер  арасында латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін насихаттап, тіл білімін жетілдіру болды.

Олимпиадаға Астана бойынша латын графикасын апробациялауға кіріп отырған мектептер мен колледждердің оқушылары қатысып отыр. Бастысы, балалардың латын әліпбиін қаншалықты меңгергенін байқаймыз, – дейді №76 мектеп-лицейінің директоры Сафура Төлекова.

Олимпиада “Әліпби”, “Ой-таным”, “Ол кім? Бұл не?”, “Тілтаным” бекеті және “Үй тапсырмасы” деп аталатын ІV айналымнан тұрды. Қазылар алқасының шешімі бойынша мына білім беру мекемелері жүлделі орындарға ие болды: І орынды №77 мектеп-гимназиясы, ІІ орынды №68 орта мектеп және №76 мектеп-лицейі, ІІІ орынды №40 орта мектебі мен №67 гимназия және гуманитарлық колледж командаларына иеленді.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!