Астанадағы Конгресс-орталықта Ресейдің сән индустриясы компанияларының қатысуымен Russian Fashion Brands жеңіл өнеркәсіп көрмесі өтіп жатыр.
Шараны Ресей экспорт орталығы Астана әкімдігінің және қалалық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ұйымдастырды.
26 қыркүйек күні Конгресс-орталықта Ресейдің fashion-индустриядағы 25 лидері қазақстандық сатып алушылар мен бөлшек сауда өкілдеріне сән тенденциясын, киім, аяқкиім, аксессуар мен текстиль топтамасын ұсынды. Ал зиянды өндірісте қолданылатын арнайы киім мен аяқкиімдер бөлек көрсетілді. Russian Fashion Brands – Ресей экспорт орталығының Қазақстандағы бірінші шарасы және жеңіл өнеркәсіп секторындағы Ресей компаниялары өз өнімдерін қазақстандық тұтынушыларға алғаш рет ұсынып отыр.
Ресей экспорт орлығының халықаралық жобалар бойынша директоры Андрей Архиповтың айтуынша, шараның басты мақсаты — Ресей мен Қазақстан арасында сән индустриясы саласында өзара тиімді іскерлік әріптестік орнату. Сән көрсетудің форматы мен екіжақты кездесу Астанаға келген Ресей өндірушілерінің ассортименті мен мүмкіндіктерін толық көрсете алды. Қазақстандық шағын және орта бизнес өкілдерінің тікелей іскерлік байланыс орнатып, жаңа сенімді жеткізушілерді табуға және отандық тұтынушылар нарығына ұсынған өнімдер ассортиментін кеңейту.
Қазақстан тарапынан ары қарай әріптес болуға 150-ге жуық компания қызығушылық білдірді.
Аталған шараның қорытындысын есепке ала отырып, сән индустрия саласында Қазақстанмен қай бағытта жұмыс жасау керектігін, сонымен қатар басқа да секторларды көреміз, — деді Андрей Архипов.