ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов
Қайрат Әбдірахманов. Фото: Bnews.kz

АҚШ президенті Дональд Трамптың төрағалық етуімен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің басты тақырыбы Иран болды.

Иран өкілдері (Бас Ассамблеяға Иран президенті Хасан Рухани мен Сыртқы істер министрі Джавад Зариф келді) кездесуді елемеу туралы шешім қабылдады. Иран Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі емес, бірақ талқыланған тақырыпқа тікелей қатысы бар ел ретінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасына тиісті өтінішпен жүгінуге құқылы болды.

АҚШ президентін қоспағанда, кездесудің барлық қатысушылары Иран ядролық бағдарламасы бойынша бірлескен кешенді іс-қимыл жоспарын (JCPOA) сақтауға қолдау білдірді.

ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И: “JCPOA жоспарын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бірауыздан мақұлдады”, – деп атап өтті және оны “өміршең келісім” деп бағалады. Ол Иранды мәміле бойынша барлық міндеттемелерін орындауға шақырды. Сонымен қатар министр: “Барлық елдің Иранмен қалыпты экономикалық қарым-қатынас сақтауына және онымен сауда жасауына заңды құқығы бар”, – екенін де айтты.

ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов JCPOA жоспарына сілтеме жасап, “барлық қолжетімді дипломатия құралы арқылы алаңдатқан жағдай мен жаңа қиындықтарды ескеруді және еңбекпен келген жетістіктерді жоймауды ұсынды”.

Сонымен қатар Тереза Мэй JCPOA жоспарын Иранда ядролық қаруды болдырмаудың тиімді құрал екенін және Лондонның келісімді сақтауға бекем екенін жеткізді.

Макрон АҚШ-тың санкцияларды қалпына келтіргеніне қарамастан Тегеранның JCPOA-ны сақтап келе жатқанын мәлімдеді.

Бұл жағдай Франция, Германия және Ұлыбритания тарапынан ғана емес, БҰҰ-ға мүше барлық мүше мемлекет тарапынан JCPOA қаулыларын сақтай отырып қолдау табуы тиіс, – деді француз көшбасшысы.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!