Басты бет / Жаңалықтар /
салық
Фото: Ucetni-karlovy-vary.cz

Салық төлемеген қазақстандықтар 5 күннен соң банк қызметін пайдалана алмайды

Салық төлемеген азаматтар 1 қазаннан бастап банк қызметін пайдалана алмайды. Бұл туралы Алматының Медеу аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қарызын өтемегендер банк қызметін пайдалана алмайды. Оның ішінде, шот ашу, ақша аудару, несие алу және тағы басқа мүмкіндіктерден айырылады.

Мұндай заң 2018 жылдың 1 шілдесіндегі Салық кодексіне енгізілген өзгертулерде көрсетілген. Онда екінші деңгейлі банктер мемлекетке қарыз азаматтарға қызмет көрсетпеуге міндеттелген.

Сонымен қатар көрсетілген мерзімге дейін қарызын өтемегендерге күн сайын ҚР Ұлттық банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерінде өсімақы қосылады.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook

Мақалаға пікір қосыңыз