Президент жаңа Салық кодексіне қол қойды

Бүгін мемлекет басшысы заңнаманы жаңа Салық кодексіне сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына; жаңа Салық кодексінің ережелерін қолданысқа енгізу мерзімдерін айқындайтын, сонымен бірге салық заңнамасын жетілдіруге бағытталған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңына қол қойды.

Заң мәтіндері алдағы күндері газеттерде жарияланады.

Естеріңізге сала кетейік, 12 қыркүйек күні ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жаңа Салық кодексінің жобасы мақұлданған еді. Оны 13 желтоқсан күні Парламент Мәжілісінің депутаттары қарап, Сенат енгізген толықтырулармен келісті.