Алматы ішкі саясат басқармасы қаланың орталық бөлігіндегі көшелерді қайта құрудың жұмыс жобасын ұсынады.
Қайта жаңғырту келесі жылға жоспарланып отыр.
- Қонаев көшесін (Райымбек даңғылынан Абай даңғылына дейін) қайта жаңғырту — 3 шақырым.
Жобаланатын аумақтың ауданы – 13,6 гектар.
Көріктендіру ауданы – 7,75 гектар.
Көгалдандыру ауданы – 3,15 гектар.
319 ағаш отырғызылады.
Үйлердің, қоғамдық ғимараттардың, кіреберіс есік топтарының қасбеттерінің түстік шешімдері ішінара өзгертіледі.
Көшеде балалардың спорттық кешендері, орындықтар, шамдар, бақша мүсіндері -топиарлар орнатылады.
2. Қазыбек би көшесін (Достық даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейін) қайта жаңғырту — 1,5 шақырым.
Жобаланатын аумақтың ауданы – 4,07 гектар.
Көріктендіру ауданы – 2,27 гектар.
Көгалдандыру ауданы – 0,75 гектар.
1288 ағаш отырғызылады.
3. Жібек жолы (Желтоқсан көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін) және Байсейітова көшелеріндегі (Қабанбай батыр көшесінен Төле би көшесіне дейін) тұрғын үй-азаматтық нысандарын қайта жаңғырту жобасын әзірлеу.
Аумақтың ауданы — 6,78 гектар (техспецификациясы бойынша).
Үйлердің саны — 48 бірлік (техспецификациясы бойынша).
Ұзындығы — 500 метр.
4. Есентай өзені жағалауында (Абай даңғылынан Төле би көшесіне дейін) тұрғын үй-азаматтық нысандарын қайта құру жобасын әзірлеу.
Аумақтың ауданы — 56,14 гектар (техспецификациясы бойынша).
Үйлердің саны — 30 бірлік (техспецификациясы бойынша).
Ұзындығы — 1409 метр.
5. Төле би (Қалдаяқов көшесінен Есентай өзеніне дейін) және Меңдіқұлов көшелерінде (әл-Фараби даңғылынан Қажымұқан көшесіне дейін) тұрғын үй-азаматтық нысандарын қайта құру жобасын әзірлеу.
Аумақтың ауданы — 38,5 гектар (техспецификациясы бойынша).
Үйлердің саны — 69 бірлік (техспецификациясы бойынша).
Ұзындығы — 3420 метр.
6. Гоголь көшесі (Қалдаяқов көшесінен Орталық Мәдениет және демалыс саябағына дейін) және Кіші Алматы өзенінің жағалауы (Республика Сарайынан Гоголь көшесіне дейін) тұрғын үй-азаматтық нысандарын қайта құру жобасын әзірлеу.
Аумақтың ауданы — 19,36 гектар (техспецификациясы бойынша).
Үйлердің саны — 64 бірлік (техспецификациясы бойынша).
Ұзындығы — 2724 метр.
Еске салайық, Алматыда биыл 524 көше жөнделді, 1400 ескі аула жаңарды. 300 шақырым арық салынды, 800 шақырым инженерлік желі тартылды. Қаланың барлық жерасты өтпелі жолы жаңарды. Жыл аяғына дейін барлық көше жарығының үштен бірі жарықдиодты және энергия жинақтаушы шамдарға ауыстырылады.