Басты бетЖаңалықтарБурабайда дүниежүзілік...

Бурабайда дүниежүзілік Тұрақты даму мақсаттарын ұлттандыру процесі талқыланды

«БҰҰ-Әйелдер» құрылымының баспасөз қызметінің хабарлауынша, шараға Үкімет, БҰҰ агенттіктері, ДБ, АДБ, ғылыми-зерттеу институттарымен азаматтық қоғам ұйымдарынан 120-дан астам делегат қатысты. Жиналыстың қосалқы ұйымдастырушылары ретінде ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті және ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен БҰҰ агенттіктері сөз алды.

«Қазақстан БҰҰ құжатының бағдарлары еліміздің негізгі стратегиялық құжаттарында белгіленген басымдықтарына және міндеттеріне толығымен сәйкес келетінін басшылыққа ала отырып, Тұрақты даму мақсаттарын қолдайды. 2030 жылға дейінгі Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы мен Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары Тұрақты даму мақсаттарының басым бағыттарын ескере отырып қабылданған және олар тиіс көрсеткіштерді де қамтиды. Осылайша, көптеген аспектілерде ТДМ Қазақстанның даму саласындағы күш-жігерімен келіседі және оларға қол жеткізу үшін пайдалы әрі қолайлы саяси негіз болуы мүмкін» – деп мәлімдеді Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Орынханов.

Айтулы шараның негізгі мақсаты Қазақстандағы ТДМ бойынша мониторинг жүргізуге қажетті басым индикаторлар тізбесін анықтау, сонымен қатар ТДМ іске асыру бойынша Ерікті ұлттық шолуға (ЕҰШ) дайындалуға қатысты пікірталасты жандандыру болды. Оны Қазақстан Үкіметі 2019 жылдың шілде айында өтетін БҰҰ-ның Саяси форумында көпшілік назарына ұсынбақ.

«Тұрақты даму мақсаттары Үкіметтің стратегиялық және саяси құжаттарына енгізіліп қойған. Алайда, барлық қатысушы тараптар ТДМ-ға қол жеткізу мақсатында ынтымақтастықта жұмыс істеуі үшін аталған процесті күшейте түсуі қажет. Бұл — Қазақстанның даму саласындағы мақсаттары үшін қажет талап», — дейді Қазақстандағы БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура.

Кездесуге статистика жөніндегі халықаралық мамандар мен ТДМ сарапшылары қатысып, ТДМ ұлттандыру және ЕҰШ-ға дайындау әрі Жаһандық даму бойынша күн тәртібіне қатысты есеп берушілік процесіндегі елдердің (ЭЫжДҰ және ТМД елдерін мысалға ала отырып) практикалық тәжірибесі жайлы сөз қозғады. Талқылау аясында гендерлік теңдік және халықтың әлсіз топтарына берілетін мүмкіндіктерді кеңейту мәселелеріне көбірек көңіл бөлінді.

«ТДМ міндеттерін жүзеге асыру мақсатында Азия даму банкі өзіне ұлттандыру, оқшаулау және аймақтық ынтымақтастық арқылы ТДМ үйлестіру бойынша жаңа құрылым аясында Қазақстанның даму стратегияларына қол жеткізуіне көмектесу міндетін алады. Біз Үкіметпен және тұрақты түрде даму үшін басқа да серіктестермен жұмыс істегіміз келеді. Білім мен инвестициялық жобалардың көмегімен ықтимал олқылықтардың орнын толтыру жолында еңбек етуге дайынбыз», — деді АДБ Қазақстандағы Өкілдігінің директоры Джованни Капанелли.

Биыл тамыз айында Қазақстанның Премьер-министрі ТДМ-ды үйлестіруге негізделген ұлттық құрылым құру туралы жарлық шығарды. Аталған құрылымның құрамына Премьер-министрдің орынбасары төрағалық ететін Үйлестіру кеңесі мен тұрақты даму бойынша күн тәртібінің бес бағытына сәйкес ұлттық үйлестірушілердің басшылығымен бес ведомствоаралық топ (адамдар, ғалам, гүлдену, бейбітшілік және серіктестік) кіреді.

Айта кетейік, 2015 жылдың қыркүйек айында дүниежүзілік көшбасшылар 17 Тұрақты даму мақсатын қабылдады. Аталған мақсаттар кедейлік, теңсіздік тәрізді мәселелерді шешуге, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге, барлық адам үшін инклюзивтілік, білім, денсаулық сақтау, климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның бұзылуы, гүлдену, бейбітшілік пен әділдік сияқты мәселелерге негізделген.