БҚО-да отбасылық және гендерлік саясаттағы азаматтық қоғамның рөлі талқыланды

«Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-лардың гендерлік саясатты жүзеге асырудағы өзара іс-қимылы. Аймақаралық ынтымақтастық тәжірибесі» тақырыбындағы конференцияда қоғамды дамытудағы әйелдердің рөлі, мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдық сананы жаңғырту контекстінде отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асырудағы өзара іс-қимылы талқыланды.

Конференцияға ҚР Парламенті Мәжілісінің және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-құрылымдардың өкілдері, Ресей Федерациясының Орынбор, Саратов, Самара, Волгоград және Астрахань облыстарының делегаттары қатысты.

Әлия Ғалымова азаматтық қоғам гендерлік және отбасылық саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы негізгі серіктес екенін атап өтті.

«2017 жылғы мәліметтерге сәйкес, азаматтық қоғам мен мемлекеттің институттары арасындағы қатынастарды оң бағалайтын халықтың үлесі 61,3% болды. Әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері мемлекет пен азаматтық сектор арасындағы серіктестік деңгейі жоғары екенін көрсетеді. Азаматтық қоғамның белсенді институттарының бірі — үкіметтік емес ұйымдар. Қазіргі уақытта Қазақстанның 14 315 ҮЕҰ-ының 500-ден астамы — әйелдер ұйымы», — деді Әлия Ғалымова.

Оның айтуынша, ауылдық жерлерде әйел көшбасшылығын дамытатын бизнес-оқытулар, қайта даярлау курстарының жетіспеушілілігі байқалып отыр. Сонымен бірге гендерлік саясат саласы мен тұрмыстық зомбылықтың алдын алуға бағытталған әлеуметтік жобалардың саны азайғанын атап өтті.

Мысалы, егер соңғы 3 жылда көрсеткіш жалпы жобалар санының 5%-ын құраса, (барлығы 302 жоба: 2015 ж. – 90, 2016 ж. – 88, 2017 ж. -124), өткен жылы ол 3,9%-ды құрады (90 жоба).

Адамдарды ілгерілетудің институционалдық механизмдерімен бірге гендерлік теңдікке қатысты тәжірибеге зерттеу жұмыстарын енгізуді ұсынды. Оның ойынша, аталған институттар гендерлік теңдік пен балалар мен әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлықты жою мәселелерін дамыту бойынша нақты механизмдерді енгізу қажет.

Әлия Ғалымова ҮЕҰ әлеуетін ұзақ мерзімді жобаларға тартудың, оның ішінде ерте жүктіліктің алдын алу, ауылдық жердегі әйелдерді қолдау, тұрмыстық салада әйелдерге қатысты құқық бұзушылықтарды болғызбау секілді гендер саласындағы маңызды жобаларды кеңейтудің маңыздылығына да тоқталды.

Сонымен қатар Азаматтық қоғам комитетінің төрайымы Әлия Ғалымова Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында өңірлік үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өзара іс-қимылы саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Оның ішінде, облыстағы үкіметтік емес ұйымдардың материалдық-техникалық қамтылуы және облыста әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселесі қозғалды.

Сапар барысында комитет басшысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінде болып, іске асырылған және жоспарланған жобалармен танысты.