Басты бетЖаңалықтарҚалмұханбет Қасымов:...

Қалмұханбет Қасымов: Өңірлерде қылмыстың профилактикасын жақсарту керек

Қазақстан өңірлерінде қылмыстардың алдын алу жұмысы тиісті деңгейде емес. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты.

Қылмысқа қарсы күресте профилактика — басты бағыт. Қанша жерден арнайы комиссия шешімдері немесе министрлік бұйрықтары шығарылса да, жергілікті полиция мен әкімдіктер тығыз жұмыс істемесе, іс оңға баспайды. Бұл — шынында да жергілікті маңызы бар проблема. Өкінішке қарай, өңірлерде профилактика жүйесі әлі тиісті деңгейде емес, — деді ол.

Министрдің айтуынша, өңірлерде ауыр қылмыстарды көбіне алкогольден мас және бұрын қылмысты болған адамдар жасайды. Жалпы еліміз бойынша отбасы-тұрмыс саласындағы қылмыс саны 46%-ға өсті. Шығыс Қазақстан облысында 3 есе, Түркістан облысында 2,5 есе, Батыс Қазақстан облысында 83%-ға, Қарағанды облысында 40%-ға, Қостанай облысында 28%-ға және басқа да бірқатар өңірде артқан. Масаң күйде жасалған қылмыстардың саны еліміздің екі өңірінде, атап айтқанда, Астанада 22%-ға және Маңғыстау облысында 15%-ға өскен.

Жалпы еліміз бойынша бұрын сотталған адамдардың жасаған қылмыстары азайып келеді. Дегенмен биыл бұрын сотталғандар 4 мыңнан астам қылмыс жасаған, — деді Қалмұханбет Қасымов.

ДереккөзInform.kz