Маңғыстау облысында Астананың мәдени күндері өтіп жатыр

Үш күн тойланатын «Астанадан ақ тілек» атты гастролдің аясында астаналықтар қар түбектің тұрғындарына елорданың ыстық лебізін өнерлерімен жеткізіп, түрлі мерекелік іс-шаралар өткізуде.

Осы айтулы күндерде Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында «Ақ тілекпен, Астана!» көрмесі жұмыс істеп, онда түрлі құнды дүниелер мұнайлы қаланың халқына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Гастрольдің соңғы күні 28 мамырда ақмаржан қаланың тұрғындары «Асауға тұсау» («Укрощение строптивой») комедиясын тамашалайды. Астананың Маңғыстау облысындағы мәдени күндері 28 мамырда сағат 19.00-де Абай Құнанбаев атындағы Мәдениет сарайында «Елордадан елге сәлем!» концертімен аяқталмақ.