Бүгін айырбас пункттерінде ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 358 теңгеге дейін нығая түсті.
Kurs.kz мәліметінше, доллар айырбас пункттерінде 358-360,5 теңге шамасында саудаланып жатыр.
Еске сала кетейік, 19 қыркүйек күні таңертең айырбас пункттерінде ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 346-366,5 теңге, ал кешкісін бағам 361,24 теңге болды.