Айырбас пункттерінде доллар 358 теңгеден сатылып жатыр

Бүгін айырбас пункттерінде ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 358 теңгеге дейін нығая түсті.

Kurs.kz мәліметінше, доллар айырбас пункттерінде 358-360,5 теңге шамасында саудаланып жатыр.

Еске сала кетейік, 19 қыркүйек күні таңертең айырбас пункттерінде ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 346-366,5 теңге, ал кешкісін бағам 361,24 теңге болды.

ДереккөзTengrinews.kz