Аталған іс-шара — ресми делегациялар, сонымен бірге құқық қорғаушылар, журналистер және 57 елдің сарапшылары қатысып жатқан ең үлкен диалог алаңы.
ЕҚЫҰ-ның отырысына Қазақстан делегациясының атынан Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Әлия Ғалымова қатысып жатыр.
Әлия Ғалымова өз сөзінде қазақстандық жүйедегі адам құқықтарын қорғау саласының негізгі компоненттеріне тоқталып, бұдан бөлек, азаматтық қоғам өкілдерінің адам құқықтары саласының барлық жүйелік элементінің қызметіне белсенді қатысқанын атап өтті.
Комитет төрайымы азаматтық қоғам институттарын дамытудың тиімді және нәтижелі құралдарының бірі ретінде қызметі Ұлттық Омбудсмен институты тарапынан үйлестірілетін Ұлттық алдын алу механизмінің жұмысын атап өтті.
«Сонымен қатар елімізде 90% үкіметтік емес сектор өкілдерінен тұратын Ұлттық зорлық-зомбылыққа қарсы алдын алу механизмінің үйлестіру кеңесі табысты жұмыс істейді. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі жанындағы Сараптама кеңесі қоғамдық негізде жұмыс істейді, сондай-ақ үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының өкілдері осы қызметке белсенді қатысып отыр, — деді Әлия Ғалымова.
Әлия Ғалымованың айтуынша, тағы бір тиімді алаңдардың бірі – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жанындағы «Адам өлшемі бойынша диалог алаңы» консультативтік-кеңесші орган. Аталған диалог алаңының жұмысына азаматтық қоғам өкілдері, мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, соның ішінде ЕО, БҰҰ, ЕҚЫҰ қатысып жатыр.
Қазіргі уақытта сұхбат алаңы жұмысының нәтижесінде халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдар адам құқықтары мәселелері, сөз бостандығы, жиналыстар мен митингілер өткізу құқығы бойынша ең маңызды 50 ұсынымға негізделген жол карталары әзірленіп, оларды іске асыру тиісті мемлекеттік органдарға жүктелді.
Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі өз қызметі негізінде ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмысын жүзеге асырады, осының аясында Қазақстандағы адам құқықтары туралы мерзімді баяндамаларды қарау тәжірибелері енгізілген.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ҮЕҰ-мен жүргізілетін ұлттық диалог жүйесі жолға қойылған. Мысалы, әрбір екі жылда Қазақстанның Азаматтық Форумы өткізіліп отыр. Үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік қолдаудың жаңа институттарын гранттар мен сыйлықақылар түрінде енгізу — азаматтық сектордағы жаңашылдық.
Мемлекет пен ҮЕҰ арасында «тұрақты байланыс» режимін нығайту және мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есеп берушілігін қамтамасыз ету шарасы ретінде Қазақстанда тұрғындарды алаңдататын өзекті мәселелерге мониторинг жасау жүйесі енгізілді, министрлер мен әкімдердің азаматтық сектор өкілдерімен кездесулер өткізу тәжірибесі енгізілді; Азаматтық қоғам өкілдерінің ұсынысы бойынша ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі Уәкілдер институты құрылды; 229 Қоғамдық кеңестің қызметі қамтамасыз етілді.
Осылайша, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа диалог формалары азаматтық сектордың құқық қолдану тәжірибесінде ұсыныстарды жүзеге асыруға, заңнаманы жетілдіруге мүмкіндік береді.