NASA басшысы Джим Брайденстайн Қазақстанға 10 қазанда келеді

2018 жылғы қазан айында «Союз МС-10» басқарылатын көлік кемесін ұшыруға байланысты Байқоңырға NASA директоры Джим Брайденстайн келеді.

«Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозин мен NASA басшысы осы жылдың 10 қазанында Ресей-Америка экипажының ХҒС-ға ұшуына байланысты ұйымдастырылған іс-шараларға қатысу үшін Ресей мен Қазақстанға жасаған сапары кезінде «Байқоңыр» ғарыш айлағында алғашқы жеке кездесу өткізуге келісті. «Роскосмос» МК баспасөз қызметінің мәліметінше, Ресей мен АҚШ ғарыш ведомстволарының басшылары Халықаралық ғарыш стансасындағы жұмыстардың атқарылу барысын талқылаған алғашқы телеконференция өткізді. Әңгіме барысында Дмитрий Рогозин америкалық әріптесін қазіргі таңда аумақтық-өндірістік кешенге жалғанған «Союз МС-09» кемесінен ауаның шығып кету себептерін анықтау үшін «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы басшылығымен комиссия құру туралы шешім қабылдағанын мәлім етті.

«Союз МС-10» аумақтық-өндірістік кешені Астана уақыты бойынша 2018 жылғы 11 қазанда сағат 14.40-та «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылады. Халықаралық ғарыш стансасына жасалатын ұзақ экспедицияға ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хейг аттанады.