«Асыл мұра» бағдарламасы аясында, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өткен салтанатты шараны Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Есенбеков ашып берді.
Бұл жай ғана Алматының күні емес патриоттық сезмді оятатын, туған жерге, туған қалаға, жерлестерге деген махаббатқа, сыйластыққа шақыратын, терең мағынаға ие мереке болды. Сондықтан, барлығыңызды бүгінгі мерекеге орай өткізілген барлық іс-шараға белсене қатысуға шақырамын, — деді Айдар Есенбеков.
Студенттер мен жұма намазына келген мешіт жамағаты қошқар көтеру, бағанаға шығу, асық ату, бұқа тартыс, доп тебу сияқты көптеген жарыстарға қатысып күш сынасты.
Университетте Алматының 1002 жылдығын тойлауға «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев қолдау көрсетті.
Еліміздегі ең көп жоғары, орта арнаулы оқу орындар Алматыда шоғырланған. Яғни атамекеніміздің түкпір-түкпірінен жастар осы қалаға келіп, мәдениеттің, өркениеттің не екеніне бой түзеуі тиіс. Осыған қаламыздың әрбір тұрғыны өнеге, үлгі болуға мүдделі. Бұл Алматының елімізге ғана емес, әлемде қазақ өркениетінің өзіндік орын алуына ықпал етері сөзсіз,- дейді Қайрат Құрманбаев.
Сонымен қатар, мерекелік шарада Қазақстанның эстарда әншілері Мақсат Базабраев, Талғат Жорабаев, Бейбіт Қошқалиев, Сержанәлі Әлібек, Райым Уайыс және «Нұр-Мұқасан» тобы ән шырқап, тәжірибелі акробаттар өнер көрсетті.
Ұйымдастырушылар 1 тоннадан астам алма әкеліп, қонақтарға тегін таратты.
«Нұр-Мүбаракта» жастар, студенттер, мешіт жамағаты көп болғандықтан студенттердің осындай мерекеден үлесі болса деген ниетпен ұйымдастырылды, – дейді мерекені ұйымдастырушы «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығының өкілдері.
Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталып, қатысушыларға спорттық жеңіл жейделер мен қалпақтар үлестірілді.