Астана іргесіндегі 20 ауылға газ тартылады

Өңір басшысы облыс елді мекендерін сапалы ауызсумен қамтамасыз ету және газдандыру бойынша жобаны жүзеге асыру мәселелеріне тоқталды.

Астаналық елді мекендерді бір орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету бағытында  35 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде биыл 10 жобаны аяқтау жоспарланған. Ұзындығы 220 шақырым су құбыры және 21 шақырым кәріз желісі салынады, — деді өңір басшысы.

Мәлік Мырзалиннің сөзіне қарағанда өңірде Елбасының бастамасымен қолға алынған елді одан әрі газдандырудың «Сарыарқа» әлеуметтік жобасына да көңіл бөлініп жатыр. Жоба шеңберінде келер жылдан бастап Аршалы және Целиноград аудандары аумағындағы 20 елді мекенге газ тарту жұмыс қолға алынбақ.

Айта кетейік, өңір әкімі облыстық мәслихат депутаттарымен кездесуінде Көкшетау жəне Астана маңындағы елді мекендерді де дамыту жоспарымен бөлісті.

ДереккөзІnform.kz