Крандағы су
Фото: Bnews.kz

Ranking.kz мәліметінше, ыстық судың ең жоғары баға Алматы (текше метрі – 475,2 теңге) мен Қостанайда (текше метрі – 379,9 теңге) тіркелді. Ал суық суға ең жоғары бағаны Атырау (113,5 теңге) мен Қарағанды тұрғындары (110,3 теңге) төлейді.

Ыстық су, суық су тарифтері

Мамандардың зерттеуінде қыркүйек айының соңында кәріз жүйесіне жұмсалған қаражаттың да көбейгені айтылады. Бұл көрсеткіш бір жылда 2,5%-ға өсіп, қазір текше метріне 48 теңгеге жеткен. Кәріз жүйесіне көп ақша төлейтін қалалардың тізімінде Қарағанды (текше метріне – 96,4 теңге) мен Қостанай (текше метріне – 80,4 теңге) көш бастап тұр.

кәріз жүйесі, тариф

Сарапшылардың зерттеуіне сүйенсек, бір жылда суық су 6,5%-ға, ыстық су 7,4%-ға, ал кәріз жүйесі қызметі 13,2%-ға қымбаттаған.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!