Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Сафар Шәкеевтің денесі табылды

Жоғалып кеткен Сафар Шакеевтің мүрдесі Есентай жағалауынан табылды, деп мәлімдеді Алматы қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Мәйіттің Сафар Шәкеев екені өзімен бірге болған құжаттар мен жеке заттары арқылы дәлелденген. Оның өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

«Табылған мүрденің іш киімі және шалбары болған. Оның қалтасынан әмиәні және құжаттары табылды. Сол арқылы табылған мүрденің Алматыда 16 шілдеде жоғалып кеткен Сафар Шәкеевтің өлі денесі екендігі анықталды. Бұл аумақта сүңгуірлер бұған дейін талай рет іздеу жұмыстарын жүгізген болатын. Бірақ, жиі болған нөсер жауындар толыққанды іздеу шарларын жүргізуге кедергі келтірді. Қазір, болжам бойынша Сафар Шәкеевтің өлі денесі осы уақыт ішінде Есентай өзенінің баспалдақ тәрізді каскадтарының бірінің астында тіреліп, қалып қалған болуы мүмкін», – деді С. Әзірбек.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Есентай өзенінде белгісіз адамның мүрдесінің су бетіне қалқып шыққандығы туралы алғашқы хабар бүгін шамамен 11.00- де келіп түскен. Сол мезетте сүңгуірлер айтылған жерге келіп, іздеу шараларын жүргізеді.

Бірақ, өзенде су деңгейінің биіктігі және ағысының қаттылығы салдарынан мүрдені бірден табу мүмкін болмаған.

«Қазір Сафар Шәкеевтің қандай себептен көз жұмғанын анықтау мақсатында тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды», – деді  Әзірбек.

Естеріңізге сала кетелік, 1991 жылы туған Сафар Шәкеевтің із-түссіз жоғалғаны жайлы арыз 16 шілде күні кешке 22:0-де Медеу аудандық Ішкі істер Басқармасына келіп түскен еді.

Содан бері белгілі композитор Еркеш Шәкеевтің ұлы Сафар Шәкеевті іздеу шарасына 170-тен астам адам қатысты.

Мақалаға реакция

20 Пікір

  1. Д
    Дамира 10 жыл бұрын
    Ата-анасына болды. Өте қатты қайғырдық етігенде... Иманды болсын.
  2. А
    Алмуша 10 жыл бұрын
    не деген сумдык
    1. И
      Индира 10 жыл бұрын
      соны айтам
  3. А
    Алмуша 10 жыл бұрын
    Жатқан жері жәннәтта болсын!
  4. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Иманды болсын........өкінішті
  5. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Иманды болсын
  6. П
    перизат 10 жыл бұрын
    иманды болсын
  7. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Иманды болсын.
  8. А
    Айгуль 10 жыл бұрын
    Жап жас қайран бала не болды екен?əке шешесіне сабырлық болсын. Иманды болсын .
    1. Г
      гулмира 10 жыл бұрын
      көңіл айтамын.алла өзі сабыр берсін.
    2. Г
      гулмира и 10 жыл бұрын
      алла оны да көтере алатындарға береді.
    3. И
      Индира 10 жыл бұрын
      Алла шепасин берсин
    4. И
      Индира 10 жыл бұрын
      менда соны ойлам
  9. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    осы есімде "загулялся" деген пікірлер коп болган. Сол адамдар Сафардың қайтыс болғанын естігенде қатты өкінген шығар. Менің айтқым келгені біз қандай қатігез болып барамыз. Ойымызға оның аманшылығы емес оның қанғырып қыдырып жүргені келеді. Бұл қасырет көбімізге ауыр тиді. Жас қыршын жасында өмірден Сафардың жатқан жері жаннатта болуын тілеймін. Отбасы үлкен қайғыға душар болды, жақындарына сабырлық пен күш берегор. Қандай жағдай болмасын Сафардың өліміне қатысы бар адамдар жазасын алсын!
  10. И
    Индира 10 жыл бұрын
    Сафар Шакеевтин тенеси табылды ма
  11. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Иманды болсын. Жатқан жери жанатты болсын.Кайгыра конил айтамыз туған- туысқандарына.Анасы мен Акесине берик болсын деймиз.......
  12. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Өте қайғылы оқиға. ата-анасынының қайғысына ортақпыз.Себебі анықталып, жасаған адамдар жауапқа тартылса екен......
  13. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Неге мұндай сұмдық жағдайлар көбейіп кетті елімізде.
  14. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Жаны жаннатта болсын
  15. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Ата-анасы сабырлы болсын оте киын жағдай