Атыраудағы денсаулық фестивалі Қазақстанның рекордтар кітабына енді

«Денсаулық сандарына жет» фестивалі Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен, облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен өтті.

Біздің облысымызда дене шынықтыру-сауықтыру кешендері мен спорт алаңдары ашылып, ұлттық спорт түрлері дамып жатыр. Осы бастаманың барлығы — тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына жасалған жағдай. Салауатты өмір салтын сақтау өте пайдалы, сонымен қатар қазіргі дамыған заманымызда сәнге айналған. Бұл шара осы сөзімізге дәлел,- дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева.

Спорттық шара соңында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар мен сұрақ-жауап ойындары өтті. Жеңімпаздар ескерткіш сыйлықтар мен алғысхаттар иеленді.