Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысына барды

Мемлекет басшысы Қарағандыға жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар барысында Елбасы бірқатар өнеркәсіп кәсіпорнын аралап, өңірдің инфрақұрылымдық даму жоспарымен танысады.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік және мәдени нысандарда болып, Қарағанды облысын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізеді.

Еске сала кетейік, мұның алдында Қазақстан Президенті жұмыс сапарымен Алматыда болған еді. Ол мегаполистің жаңарған көшелерін, өнеркәсіп орындарын, индустриялық аймағын аралап кқріп, «Алматы Бас жоспары» ғылыми-зерттеу институтында қаланы тиімді басқаруға арналған ауқымды мәліметтер платформасы бар ситуациялық орталықтың жұмысымен танысты және оңтүстік астананың голографиялық 3D картасын тамашалады.