Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда биыл...

Қазақстанда биыл 40 әйел босанар кезде қайтыс болды

Қазақстанда жыл басынан бері 40 әйел босанар кезде қайтыс болды, олардың тең жартысына бала көтеруге тыйым салынған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

Бүгінде жыл басынан бері осындай 40 өлім тіркелді. Ана өлімі біз көндігетін және шамалайтын көрсеткіштен әлдеқайда көп. Өткен жылмен салыстырғанда қандайда бір тоқырауды байқаймыз. Біз қалағанымызбен де ана өлімі азаймай отыр. Алайда Қазақстан осы көрсеткіш бойынша алдыңғы орында тұр деп те айтуға болмайды. Жүкті әйел өлімі бойынша көрсеткіш экономикалық дамуы орта деңгейлі мемлекеттер көрсеткішімен бірдей, — деді министр.

Оның айтуынша, бұған әсер етуші факторлар әртүрлі.

Сапалы медициналық көмек көрсету — негізгі факторлардың бірі, алайда жалғыз емес. Әйелдердің денсаулығы нашар, жүктілік кезінде ауырып қалуға бейім, артынша ұласатын аурулар түрі көп. Жүктілік кезінде қайтыс болу көрсеткішінің 50 пайызында, әйелдерге бала көтеруге тыйым салынған, науқас болу, дәрігерлер мұны әйелдерге айтқанымен де, олар жүктілікті тоқтатпайды. Бірден айтайын, мұндай мәселеге тіке және обьективті қарау керек, — деді Біртанов.

Айта кетейік, Астанада 21 маусымда №1 перинаталдық орталықта бір әйел адам қайтыс болды, 25 маусымда тағы бір әйел көз жұмды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, екі әйел де жүктілікке қатысы жоқ экстрагенитал аурумен ауырған. 2 шілдеде осы орталықта үшінші әйел қайтыс болды. 16 шілдеде №2 перинаталдық орталықта босанғалы жатқан әйел қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігі 2018 жылғы шілдеде жыл басынан бері босанғалы жатқан 31 әйелдің қайтыс болғанын хабарлаған еді.

ДереккөзTengrinews.kz