Басты бетЖаңалықтарТалдықорғанда тағы...

Талдықорғанда тағы бір заңсыз құрылыс тоқтатылды

Тексеру нәтижесінде салынып жатқан ғимараттың Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі заңнамасының талаптарына сай жүргізілмегені, басқа да құрылыс нормалары сақталмағаны анықталған. Жер телімінің иесі ешқандай жобалық-сметалық құжаттамасыз, авторлық және техникалық қадағалаусыз дүкен құрылысын бастап кеткен.

Ғимарат құрылысын жер иесі өзі жүргізген. Бөлім қызметкерлері ғимаратты бұзу үшін жер иесіне қатысты бұйрық шығарды.

Жауапты тұлғалардың айтуынша, бұл дүкеннің құрылысы тексеріс мен рейдтерге қарамастан қарқынды жүріп жатыр. Алайда Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының сарапшылары барлық заңсыз салынған объектілердің құқықтық нормаларға сәйкес жойылатынын ескертеді.

Бұл нысанның құрылысы тиісті лицензиясы бар мердігер ұйымның қатысуынсыз жүзеге асырылған. Сонымен қатар құрылыс барысында сертификатталмаған материалдар пайдаланылған. бетон бұйымдары және олардың беріктігі туралы зертханалық қорытындылар жоқ, яғни зерттеу жүргізілмеген. Терезе мен есіктердің темірбетон жиектері және бағандары да орналастырылмаған, — деді Алматы облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы.

Жер учаскесі иесінің рұқсатымен ғимарат құрылысы бұзылды.