2019 жылы дәрігерлердің жалақысы 20%-ға артады

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет отырысында 2019 жылдан бастап жалпы тәжірибе дәрігерлері мен профильдік мамандарға еңбекақы төлеудің келісімді жүйесі енгізілетіні туралы айтты.

Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету (БМСК) мамандарының құзыреттілігін арттыру бағыты аясында профильдік мамандар өкілеттігі берілетінін ескере отырып, БМСК мамандарының қызметін кеңейту және отбасы дәрігерлеріне арналған дипломнан кейінгі оқыту стандарттарын енгізу жолымен БМСК дәрігерлерінің дайындығын жетілдіруді қамтамасыз ету жоспарланып отыр

, — деді министр. Оның айтуынша, жұмысшыларды ынталандыру үшін 2019 жылы жалпы тәжірибе дәрігерлері мен профильдік мамандарға еңбекақы төлеудің келісімді жүйесі олардың қызметіне тарифті кезең-кезеңмен өсіру арқылы енгізіледі.

Бұл бастапқы медициналық-санитариялық көмек дәрігерлерінің жалақысын 20%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Одан кейін учаскелерді бір дәрігерге 1700 адамға дейін келетін етіп, шағындап қайта ұйымдастыру бұл сала дәрігерлерінің жүктемесін азайтуды қамтамасыз етеді

, — деді ведомство басшысы. Елжан Біртанов Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры шеңберінде бастапқы медициналық-санитариялық көмек саласын дәрігерлерге бекітілген тұрғындар мөлшерінің белгіленген шамасы — БМСК дәрігерінің бір учаскесіне 1700-ден аспайтын тұрғыннан келгенше ғана қаржыландырылады. Министрдің айтуынша, бұл аурулар мен олардың асқынуларын болдырмау амалдарын жақсартуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта ынталандырушы компоненттерді қоса есептегенде дәрігерлердің орташа жалақысы — 135 теңге, профильдік маманның жалақысы — 85 мың теңге, министрдің мәліметінше, бұл — республика бойынша жалақының ең төменгі деңгейі.

ДереккөзZakon.kz