Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК ауа райына байланысты ескерту жариялады. 2-3 қыркүйек күндері күн суытады. Түнде ауа температурасы Цельсий бойынша 3 градусқа дейін күрт төмендеп кетуі ықтимал.
Бүгін өңірде күн ала бұлтты, оқтын-оқтын жаңбыр жауады. Түс ауа жауын-шашын мөлшері артуы мүмкін. Ауа температурасы — 16 градус.
Өңірде құбылмалы ауа райы сақталып отырғанына бір аптадан асты. Кей кездері ауа температурасы төмендесе, кейде күн күркіреп, жел үдей түсті. Өзен-көлдерде су деңгейі көтеріліп жатыр.