Басты бет / Жаңалықтар /
ff6a35df2a41de70b0d1fff0b31d3e01 Азиада-2018: Екатерина мен Александра Немичтер қола медаль жеңіп алды
Апалы-сіңлілі Немичтер. Фото: Данияр Майлыбаев

Азиада-2018: Екатерина мен Александра Немичтер қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық синхронды жүзу шеберлері Екатерина мен Александра Немичтер Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, жұп бірінші жарыс күнінен соң аралық үшінші орында тұрған еді. Екінші күні олар осы көрсеткішті сақтап қала алды.

Осылайша спортшылар алдыңғы Жазғы Азия ойындарындағы жетістігін қайталап отыр.

Немичтер 170.8845 балл жинады. Бірінші орынды 186.5101 Қытай, екінші орынды Жапония командасы иеленді.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook

Мақалаға пікір қосыңыз