Азиада-2018: бүгін шаршы алаңға шығатын боксшыларымыз

Бүгін Джартадағы Азия ойындарында былғары қолғап шеберлерінің бәсекесі басталады.

ҚР ҰОК баспасөз қызметінің хабарлауынша, шаршы алаңға алғаш болып 52 келідегі Азат Махметов, 69 келідегі Асланбек Шымбергенов және 57 келідегі Сәния Сұлтанқызы шығады.

Азат Махметов алғашқы айналымда Біріккен Араб Әмірлігінің өкілімен кездеседі. Асланбек Шымбергеновтің қарсыласы — индонезиялық боксшы.

Ал Сәния Сұлтанқызы шри-ланкалық спортшымен жұдырықтасады.

Боксшылар додасы Астана уақытымен сағат 13:00-де басталады.