Айта кетейік, 30 жастағы Келл Брук бұған дейін жартылай орта салмақта өнер көрсетіп, IBF тұжырымында әлем чемпионы атанған. Бұған дейін ол бірде-бір кездесуде жеңілмеген. Енді салмағын көтеріп, Геннадий Головкинмен күш сынасып көрмекші.

Келл Брук кәсіпқой бокс рингінде 36 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен, 25-і нокаутпен. Ал, Головкин 35 кездесуді түгел жеңіп, 32-ін нокаутпен аяқтаған.

Қос боксшы арасындағы кездесу 10 қыркүйекте Ұлыбританияда өтеді.

Дереккөзsn.kz

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!