Джиу-джитсудан Қазақстан командасының мүшелері бүгін екі қола медаль жеңіп алды.
Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 56 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұржан Сейдуәли қола медаль үшін күресте өзбекстандық Акмал Амировті 4:2 есебімен жеңді.
Ал 69 келіде сынға түскен Нартай Қажеков үшінші орынға таласта Түрікменстан спортшысын жеңді.
Еске салайық, бүгін — 24 тамыз күні Қазақстан Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында осымен бір алтын, бір күміс, үш қола медальді иеленіп отыр.