Екі апта бұрын Англияның «Тоттенхэм» командасының жартылай қорғаушысы Деле Алли «Ньюкасл» командасына қарсы ойында гол соқты. Соғылған голдың құрметіне қақпаның жанында тұрып саусақтарымен монокль белгісін жасап, қуанышын осылай білдірді. Аз уақытта Деленің бұл әрекеті көпшілікке кең тарап кетті.

«Тоттенхэмнің» әлеуметтік желілердегі парақшасында: «Жақсы, тағы кім осылай қайталай алады?» деген арнайы сауалнама жасалды. Көп ұзамай әлеуметтік желілерде #DeleChallenge хэштегімен Деленің әрекетін қайталауға тырысқандардың видеолары пайда болды.

Бір қызығы, Деле Аллидің қарапайым қимылын қайталауға тырысқандар монокль белгісін жасай алмай біраз қиналған.

????

A post shared by Dele (@dele) on

Делемен бір клубта ойнайтын әріптестері де бұл қимылды қайталап көруге тырысты. Алайда Жорж-Кевин Нкудудың әрекетіне қарағанда бұл аса оңай шаруа емес көрінеді.

Деленің әрекетін қайталау Льорентенің де қолынан келмеді.

Есесіне, Деленің өзі бұл әрекетті оп-оңай жасап, достарына үйретіп жүр.

Деле Аллидің голды атап өту тәсілі танымал болғаны соншалық, оған Маурицио Почеттиноның баспасөз мәслихаты кезінде де түрлі сауал қойылды. «Тоттенхэмнің» жаттықтырушысы футбол клубының Instagram парақшасында мұндай қимылды қалай жасай керектігі туралы видео жариялады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!