Нұрсұлтан Назарбаев Атырауға барды

Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазір Мемлекет басшысы облыс орталығында. Сапар барысында Қазақстан Президенті жергілікті өнеркәсіп кәсіпорындары мен әлеуметтік нысандарды аралайды.

Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңеске қатысады деп жоспарланып отыр.