Астанада Атырау облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

25-26 тамыз күндері Астанада Атырау облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Мұнайлы өңірдегі 27 шаруашылық елордаға 12,5 тонна көкөніс, 10 тонна ет өнімін, 2,5 тонна сүт өнімін апарады.

Ал «Аманкелді» ӨК , «Тілекші» ЖШС, «СевКазКаспий» ЖШС, «Жамбыл» ӨК сияқты облыстың ірі тауарөндірушілері жәрмеңкеге 20 тонна балық өнімін апарғалы отыр.

Бұған қоса, «Карат» пен «Асыл агро» шаруашылықтары консервіленген ет өнімдерінің 3000 дана қалбыры мен шұжық, «Алмалы құс» кәсіпорны 60 мың дана жұмыртқа апарады.

Астаналықтарға ет өнімдерін Жылыой, Индер, Құрманғазы, Қызылқоға, Исатай, Мақат, Махамбет аудандары ұсынады.

Астанадағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне Атырау облысынан барлығы 170-ке жуық адам қатысады.