Алматы күнінде қандай шетелдік жұлдыздар өнер көрсетеді?

Алматылықтарды Қала күнімен құттықтауға LMFAO танымал дуэті келеді.

Қала әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, америкалық дэнс-хип-хоп ұжымы 16 қыркүйек күні Almaty Arena-да Қала күніне арналған B-DAY PARTY гала-концертінде Redfoo бағдарламасымен өнер көрсетеді.

Бұған қоса, концертке Ресейдің «Градусы», Hammali & Navai, «Мальбэк» топтары, Сюзанна және басқа да музыканттар қатысады. Бұл күні Алматының барлық ірі алаңында ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылады. Тұңғыш Президент паркінде, Панфилов көшесінің бойында, Almaty Arena алдындағы алаңда, Жібек жолы көшесінде, Абай және Астана алаңдарында, Орталық мәдениет және демалыс саябағында, Көктөбеде AЛМА FEST өтеді.

Есентай өзенінің бойында ARTBAT FEST халықаралық қазіргі заманғы өнер фестивалі ұйымдастырылады, Жібек жолы көшесінде кілем көрме-жәрмеңкесі, Орталық мәдениет және демалыс саябағында VII ALMATY GARDEN SHOW халықаралық бақ фестивалі, Астана алаңында Red Bull ALMA FMX JAMS мотофристайл шоуы болады.

Мереке Астана алаңында отшашумен аяқталады. Қала күніне орай 25 тамыздан 30 қыркүйекке дейін барлығы 100-ден астам мәдени шара өтеді.

ДереккөзTengrinews.kz