Франция, Словения, Жапония, Италия, Германия мен Ресейден келетін әншілер мен суретшілер қала тұрғындары мен қонақтарына түрлі бағдарлама ұсынады.

Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен классикалық, ұлттық және заманауи музыканы орындайтын әртістердің концерті, монумент-сәулет өнері мен тағам түрлерінің  фестивалі, түрлі жанрдағы көрмелер, театрландырылған көріністер мен сатирикалық шоулар өтеді.

Атап айтсақ, «Көк-Төбе опера — 2018» классикалық музыка фестивалі,  ARТBAT fest заманауи өнердің халықаралық фестивалі, «Оркестрлер шеруі» ашық аспан астындағы оркестр музыкасының фестивалі, дәстүрлі KITAP FEST кітап фестивалі, Family Festival отбасы күні, Almaty garden show бау-бақша фестивалі, «GAKKU дауысы» музыка фестивалі,  ALMA Fest дәстүрлі қалалық алма фестивалі,  Muzzone Dance Party, Mural монументал-декоратив өнердің халықаралық фестивалі, мото фристайл Red bull FMX JAMS, Almaty Film Festival, Junior Eurovision жобасы, Алатау ауданының 10 жылдығы, Almaty Fest Big City Picnic, кілем бұйымдарының жәрмеңке-көрмесі, «Қазақстан камератасы» мемлекеттік оркестрінің концерті сияқты іс-шаралар өтеді деп жоспарланып отыр.

Аталған шаралардың басым бөлігі қаладағы негізгі бес орында өтеді. Олардың қатарында «Астана» алаңы, «Абай» алаңы және Almaty Arena алаңы, ҚР Тұңғыш Президенті саябағы, Панфилов пен Жібек жолы көшелері бар.