Головкин-Альварес бокс кешінде тағы кімдер жұдырықтасады?

Роман Гонсалес — Мойзес Фуэнтес жекпе-жегінен бөлек, боксшылардың тағы үш тобы жасақталды.

Сонымен, 15 қыркүйекте ирландиялық Гэри О’Салливан канадалық Давид Лемьемен жұдырықтасады. Ал  WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Хайме Мунгия Канаданың тағы бір өкілі Брэндон Кукпен кездеседі. Жартылай орта салмақтағы абсолюттік чемпион норвегиялық Сесилия Брекхус польшалық Александр Магдзяк Лопеспен күш сынасады.

Айта кетейік, 2015 жылы Давид Лемье Геннадий Головкиннен жеңіліс тауып, Брэндон Кун былтыр Қанат Исламнан техникалық нокаутпен ұтылған болатын.

ДереккөзSports.kz